«Интернет желісіндегі қауіпті ойындар және интернеттегі қауіптен қорғалудың жолдары»
6.04.2019ж. күні 8-10 сынып оқушыларына арналған «Интернет желісіндегі қауіпті ойындар және интернеттегі қауіптен қорғалудың жолдары» тақырыбында іс-шара өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға - интернет әлеміндегі қауіпті, зиянды ойындардың тізімі ұсынылып, интернет желісінде алаяқтардан сақтану жолдары көрсетілді.
Оқушыларға төмендегідей кеңес ұсынылды:
1. Интернет желісіндегі агрессивті сценаларға толы ойындардан, анайы, әдепсіз, жамандыққа шақыратын группалардан аулақ болайық.
2. Егер де белгісіз нөмірлер (1-ден, 3-тен басталатын, нөмірі жасырын) хабарласса тұтқаны көтерме, көтерген жағдайда тұтқаны қою керек. Міндетті түрде ата-аналарыңа немесе ұстаздарыңа айтыңдар.
3. Түнде жатпас бұрын интернетін өшіріп тастаңыз, телефонды пайдаланбасаңдар да, көп нәрсе жоғалтпайсыңдар. Оның орнына ТВ қараңыздар, шаxмат, шашка ойнап, журнал, кітап оқыңыздар.
4. Бүкіл ойларыңмен, арман-мақсаттарыңмен ата-аналарыңмен бөлісіңдер.
5. Интернетті орнымен дұрыс пайдалансаң - жақсы мүмкіндік, орынсыз, мақсатсыз, күні-түні қолдана берсең – қауіпті құрал.
6. Атыс-шабыс ойындарын ойнамауға тырысыңдар.