Размер шрифта:

Маңғыстауда биыл бүлдіршіндер 100% балабақшамен қамтылады

Маңғыстауда биыл бүлдіршіндер 100% балабақшамен қамтылады

Бұл туралы Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осыған дейін өңірді балабақшамен қамту үлесі 97,1% болатын. Яғни, балабақша кезегінде Мұнайлы ауданы бойынша 270 бала тұрды.    Жыл сайын халқы өсіп келе жатқан Мұнайлы ауданында балабақша жеткілісіз. Сондықтан биыл аудандағы Маңғыстау ауылында көлемі 638 шаршы метрді құрайтын 125 орындық «Айжанай» жекеменшік балабақшасы ашылады. Нысанның құрылысы 2018 жылдың сәуір айында басталып, қазіргі таңда 35 адамды жұмыспен қамтып отыр. 


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/mangystauda-biyl-buldirshinder-100-balabakshamen-kamtylady_a3496510

Дата: 8.04.2019, 16:07 Автор: Школа-лицей №2 имени Абая