Пән апталықтарының негізгі ерекшелігі- іздену, жаңашылдыққа ұмтылу.
18.02.19 ж лицейде «Математика ғылымдардардың жарық жұлдызы» тақырыбында математика және информатика пәндерінің апталығы өз жұмысын бастады. Апталықтың мақсаты:математика, информатика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру. Бектілген жоспарға сай апталықтың алғашқы күні бірлестік мұғалімдеріжоғары сынып оқушыларымен бірлесе отырып, «Математика- ғылымдардың жарық жұлдызы» атты мазмұнды стенд жасалды. Пәні мұғалімдері Жұман Д.Ж Калиева С.М. оқушыларға стенд бойынша ақпарат беріп, «Математика ғалымдары» фото көрмесін таныстырды. Оқушылар стенде берілген түрлі логикалық, танымдық математикалық ребустар мен қызықты есептерді шығаруға ұмтылып жатты. Апталыққа жауапты математика- информатика пәндер бірлестігінің жетекшісі Искакова Г.Б. Апталық жұмысы жалғасуда.