НЗМ- нің іс тәжірибесімен алмасу.

НЗМ- нің  іс тәжірибесімен  алмасу.

 

14.02.19 ж  желілік қоғамдастықта  тәжірибе алмасу жұмысы негізінде лицейде биология пәні мұғалімі Коккозова Н.А.5 А  сыныбында жаратылыстану пәнінен  «Энегрия көздері» тақырыбында қала мектептерінің биология пәні мұғалімдеріне ашық сабақ көрсетті. Сабақ НЗМ іс тәжірибесіне негізделген, жаңартылған білім мазмұны бағдарламсына сай  өткізілді. Сабақтың ғылыми бағыттылығы және өмірмен байланыстылығы  жоғары болды. СББ ресурсының түрлері қолданылды,  оқушылар  баламалы  энергия көздеріне  шығармашылық жұмыстар жасап, саралап қорытынды жасады.«Ресторан» әдісімен рефлексия жасалып ,   сабақтың тәтті және ащы жақтары туралы өз ойларын білдірді. Сабақ заманауи форматтта жүргізіліп,  өте жоғары бағаға ие болды.. Қала мектептернің биология пәні мұғалімдері өздеріне біршама жаңа әдіс- тәсілдер алғанын  айтып өтті. Тәжірибе алмасу сабағына қалалық білім бөлімінің әдіскері Айнабекова К.К және  ДӘСІЖО Ш.Т. Жаксыгелдина қатысты   

Дата: 25.02.2019, 10:44 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі