«ЭкоLife» экологиялық жоба аясында 21 қаңтар мен 21 ақпан аралығында «Қоқысқа жол жоқ!» атты айлықтың қорытынды есебі туралы ақпарат /3-10 сыныптар/
Қоршаған ортада қоқыстардың зияны туралы экологиялық сауаттылықтарын, пайдалы іс-әрекеттер арқылы экологиялық дағдыларын қалыптастыру, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу, оны жақсартуда дұрыс шешімдер қабылдай білуге үйрету, табиғатқа деген мейірімділікті, экологиялық тұрғыдан рухани-адамгершілік және эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу, оқушылар, ұстаздар, кіші қызметкерлер арасында тұрмыс қалдықтарын шығаруда қоқыс түріне қарай ажырату дағдыларын қалыптастыру мақсатында лицейімізде жүзеге асырылып отырған «ЭкоLife» экологиялық жоба аясында өткізілген айлықтың қорытынды есебіне негізделген іс-шара өз мәресіне жетті. «Қоқысқа жол жоқ!» атты айлық аясында «Қоқыс – ғасыр дерті» ғылыми жобалар, 3-9 сыныптар арасында «Экология – қылқалам ұшында», «Қоқыспен айқас» атты суреттер байқауы, 9-10 сыныптар арасында эссе жазу сайыстары, «Қоқыстың өз орыны бар» парақшалар таратылып, «Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі» атты бейне баяндар көрсетіліп, түрлі ақпараттар беріліп, жоғары деңгейде жүзеге асырылды. Шараға белсене ат салысқан оқушылар марапаттауларға ие болды. «ЭкоLife» экологиялық жоба мүшелеріне алдағы жұмыстарыңыз алға бассын дейміз!