Ұлы даланың 7 қыры – Түсті металлургия
Тақырыбы: Ұлы даланың 7 қыры: «Балқаш қаласындағы металлургия»
Мақсаты: Ұлы даланың 7 қырын мақсатын жүзеге асыруға ат салысу, өлкетану бағытында өзіміз тұрып жатқан өлкенің құрметті азаматтары жайлы білу.
«Зиялы бейсенбі» қонағы: Балқаш қаласының құрметті азаматы, жерлесіміз, инженер химик Қарсыбеков Амел Нығметжанұлы
«Зиялы бейсенбіні» лицей директоры Рахимберлина Қ.Т. кіріспе сөзбен ашып, «Зиялы бейсенбі» жобасы және бүгінгі тақырыбына қысқаша ақпарат берді. Лицейде химия бағытында құрылған «Жас химик» ОҒҚ мүшелері қоғамның жұмысын жан –жақты көрсетті. «Зиялы бейсенбі» жоспарына сәйкес Ұлы даланың 7 қыры- ежелгі түсті металлургия, Балқаш кен металлургия зауыты, ондағы түсті металлургия жайында ақпарат берді, «Қызықты тәжірибие», Металлдар айтысын көрсетті. 11 сынып оқушысы Совтеова Эльдана ағылшын тілінде адам ағзасындағы металлдар жайлы қызықты мәлімет беріп, қонағымызға үштілділік білім алып жатқанымызды да көрсетіп кетті. «Зиялы бейсенбінің» ең маңызды сәті – «Зиялы бейсенбі» қонағы, инженер химик, қаламыздың құрметті азаматы Қарсыбеков Амел Нығметжанұлымен сұхбат болды. Оқушылар ағайдан өзі сүйетін маман таңдау керектігін, сол таңдаған мамандығына адал болуы, сол мамандығы бойынша адал еңбек ету керектігін, отбасы тәрбиесіндегі әкенің орнын, ер бала бойында қажет ететін ер мінез және қазіргі білім мен сол кездегі өзі алған білім арасындағы ерекшеліктер жайлы тамаша ақпараттар алды. Соңынан ағайдан қолтаңбасын алып, естелікке суретке түсті.