Өзіңді тану- өмірді тану.
«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі апталықтың іс шарасы жалғасуда. “Досым, саған ақ тілгеім!” атты тренингті лицей психологы Толетаева А.А.10 сыныптармен өткізді. Тренингте сынып оқушылары мейірімділік, адалдық, бірі- біріне деген қамқорлық туралы ойларын ашық айтып, ыстық ықыласты тілектерін білдірді. Тренингте белсенді оқыту әдіс- тәсілдері қолданылды. «Біз өсіп жатқан өлке» тақырыбында сурет көрмесін 2-сыныптар арасында Мусатева А.А көрсетті. Кішкентай суретшілер туған өлкесіне деген махаббатын әсем бояуларымен көмкеріп, салған суреттерін мазмұнды әңгімелеп берді. Байкулова К.М 6 сыныптарда «Жаным толы жақсылық» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты оқушыларға өмір деген - дос жаранға қамқор болуды, сананы толтырған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыруды, өзгеге жақсылық тілеушісі болуды дәріптеді.