Педагогикалық шеберлік – бұл педагогтың кəсіби іс-əрекетінің ең жоғарғы деңгейі.
Ата-аналар мәдени іс –шараларға қатысуын қамтамасыз ету жұмыстары ата – аналардың мектеп өмірімен етене жақындасуына, танысуына және өз баласының даралық қасиеттерін тануына зор ықпал етеді. Осы мақсатта 23.01 күні «Нұрбөбек» шағын орталығының тәрбиешісі Балапанова Б.Е ІІ топта «Әкем, анам және мен» тақырыбында отбасылық спорттық сайыс өткізді. Сайысқа Серікбаевтар отбасының «Болашақ» Құсайыновтар отбасының « Қыран» Бекмолла отбасының « Тұлпар» және Ақжарқыновтар отбасының ««Атамекен» командалары қатысты. Сайыстың бас жүлдесін ептілігімен шапшаңдығымен Бекмолла отбасының «Тұлпар» командасы жеңіп алды.
Дата: 28.01.2019, 11:39 Автор: Школа-лицей №2 имени Абая