«Бір аймақ – бір кітап» облыстық акциясы аясында жүргізіліп жатқан шаралар туралы ақпарат
Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті оқу арқылы жасөспірімдердің рухани және адамгершілік әлеуетін дамыту, оқырмандар бойына патриоттық сезім ұялату мақсатында «Бір аймақ – бір кітап» облыстық акциясы биыл үшінші мәрте жүзеге асырылып отыр. Биыл акция аясында оқуға ұсынылған шығарма 8-11 сынып оқушылары үшін Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы. Жоспарға сәйкес 8-11 сыныптарға «Бәріміз оқимыз!» атты аталмыш шығарманы насихаттау жұмыстары атқарылып, стенд жасақталды. 8-9 сыныптар үшін «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты «Тар жол, тайғақ кешу» романы туралы ақпарат беру мақсатында сынып сағаттары өткізілді. Жоспарға сәйкес шаралар жалғасын табады.
"Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына" деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технологиялар шығып жатыр. Бірақ бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Баршаңызды кітап оқуға шақырамыз!