«XХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол»
09.09.2018ж. күні лицейімізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша дайындалған «XХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы 10-11 сынып ата-аналарына арналған республикалық конференция өтті.
Конференция барысында аса маңызды мәселелер қарастырылды:
1. ҰБТ-ға дайындық және оны тапсыру барысында жасөспірімге ата-ананың психологиялық көмегі.
2. Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
3. Кәмелетке толмаған балалардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу.
4. Жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары.
Конференция барысында ата-аналар арнайы дайындалған бейнероликтерді тамашалады. Конференция тақырыбы бойынша жадынамалар таратылды.
Конференция ата-аналарға көптеген қажетті мағлұматтар алуға жағдай жасады. Жиналыс аяғында ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын жариялап, ризашылықтарын білдірді.