Педагогикалық тамыз кеңесі
2018 жылдың 25 тамыз күні "Балқаш қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Оқушылар сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында педагогикалық қызметкерлердің аймақтық тамыз кеңесі болып өтті. Кезекті мәжілісте білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыланып, нақты мақсат-міндеттер айқындалды. Сондай-ақ, кеңес барысында қала әкімі А.М.Аглиулин жалпы білім беретін мектептердің арасында барлық бағыттағы міндеттерді іске асыруда жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін «Балқаш қаласының Абай атындағы №2 лицей» КММ-сін «Өркен жайған халық педагогикасы» номинациясымен марапаттады. Құттықтаймыз!
Дата: 28.08.2018, 13:27 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі