1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аясында өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ

1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аясында өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ

 

1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аясында 30.04. күні  лицей фойесінде «Халықтың қуаты-бірлікте» тақырыбында  екі ауысымда да саптық жиын өтті. Саптық жиында оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру және Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету  мақсатында 8А-сыныбы және 3А сыныбы мазмұнды  танымдық тақырыпты аша білді.

Білім мен берекені қатар ұстанған лицей шәкірттері бірлік туралы өздерінің ой толғамдарын мазмұнды жетік біле отырып, тағылымды мерекенің мағынасын аша отырып, өлең жырларды нақышына келтіре оқыды. Әр сыныпта «Балқаш-достық мекені» тақырыбында сынып сағаттары өтіп, мазмұнды, ойлы біліктілік пен ой толғамдарға толы рухани азық сыйлар өнеге сағаты болды. Әр сынып жетекші сынып сағатында Ұлттар бірлігінің ұйытқысы болған қазақ елінің қонақжай өмірінен сыр шертетін бейнероликтерді қолдана отырып, әдіс-тәсілдерін жетік,ұтымды пайдалана отырып, «Бірлік » ағашына тағылымды ойлары мен нақыл сөздерін жаза білді. Тілі басқа болғанмен,тілегі бір, сонау қиын қыстау күндері ел-жұртын, атамекенін тастап, жат елге қоныс аударған өзге ұлт өкілдері еліміздің барлық саласында еңбек ете отырып, соның ішінде қазақ әдебиеті мен мәдениетіне өз үлестерін қосып жүргендігі туралы 8-9 сынып сағатттарында әдемі жеткізе білді. Ел дамуына үлес қосып жүрген тіл жанашырлары туралы өзге ұлт өкілдерімен бауырлас халық болып өмір мүріп келе жатқандығымыз туралы 6в-сыныбы ойбөлісу, пікірталас жүргізді.

Дата: 2.05.2018, 8:38 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі