«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампанияның тұжырымдамасы
Өткізу уақыты:
2018 жылғы 23 сәуір – 8 мамыр аралығы
Ақпараттық кампанияны ұйымдастырушылар:
ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім, ішкі саясат басқармалары, ішкі істер департаменттері, үкіметтік емес ұйымдар (келісім бойынша), бұқаралық ақпарат құралдары.
Ақпараттық кампанияның мақсаты: кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.
Ақпараттық кампанияда бірқатар іс-шаралар өткізіледі:
І. Дайындық кезеңі:
1.Ақпараттық кампанияны өткізудің дайындығы мен өткен шаралар туралы ақпараттарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және білім беру ұйымдарының, органдардың, сондай-ақ басқа да интернет-ресурстарға, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялап отыру.
2. Ақпараттық кампанияны өткізу барысы туралы шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыру.
ІІ. Негізгі кезең:
3. 2018 жылғы 23 сәуірде білім беру ұйымдарында Ақпараттық кампанияны «Интернет дегеніміз не?», «Қауіпсіз интернет» еліне саяхат», «Пайдалы және қауіпсіз интернет», «Балаларға бала жасынан бастап қауіпсіз интернет қажет», «Интернет және біз», «Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары», «Интернетті қауіпсіздендіру бағытындағы шаралар» және басқа да тақырыптарда жалпы мектептік саптүзеулер, сынып сағаттары, ашық сабақтар, «дөңгелек үстелдер», т.б. іс-шаралармен ашу.
4. Ақпараттық кампанияны ақпараттық қолдаумен қамтамасыз ету – «Қауіпсіз интернет», «Желідегі қарым-қатынас этикасы», «Интернет менің өмірімде», тақырыптарында плакаттар, буклеттер, шығармашылық жұмыстар бойынша түрлі байқаулар өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыру.
5.Білім беру ұйымдарында тәжірибелі программистер, психологтар, ата-аналар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен оқушылармен кездесулер өткізу, «Интернет: ия және жоқ», «Интернеттің алдын алу – оқушылар тәуелділігі» тақырыптарында шаралар ұйымдастыру.
6.Үй жағдайында интернет-ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыру және өткізу.
7. Ата-аналар үшін жалпы құқықтық оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ ата-аналар жиналысын, ата-аналар мен балалардың қатысуымен консультациялық, психокоррекциялық жұмыстар жүргізу, ата-аналар үшін тренингтер өткізу.
ІІІ. Күтілетін нәтиже
Көрсетілген шараларды іске асыру нәтижесінде ата-аналар мен балалардың, педагогтардың интернет сауаттылығын көтеру күтілуде, сонымен қатар шараға қатысушылардың интернетті қауіпсіздік күйге келтіру, интернет жүйесіндегі әңгімелесушімен әңгімелесу барысында құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру.