«Құқықтық сауаттылық – құқықтық мемлекеттің негізі» тақырыбында онлайн сабақ
2018 жылдың 05 сәуір айы құқықтық сабақ прокуратура, жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ұйымдастыруымен «Құқықтық сауаттылық – құқықтық мемлекеттің негізі» тақырыбында онлайн сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: азаматтардың құқықтық білімдерін жетілдіру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Мұғалім оқушыларға құқық саласы бойынша қысқаша сипаттама берді және оқушылар өздерінің құқық саласы бойынша білетіндерін ортаға салды.
Әр оқушының құқық саласына байланысты сұрақтары болды, оның ішінде Заң жүзінде жауапқа тартылатын құқықбұзушылық туралы сұрап, өзіне көптеген мәлімет ала алды.
Дата: 6.04.2018, 11:40 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі