Размер шрифта:

Лицейдегі "Халықаралық Азаматтық Қорғаныс күніне" арналған іс-шара

Лицейдегі

           2017-2018 оқу жылына арналған Балқаш қаласы мекемелерінде азаматтық қорғау саласындағы оқу және жаттығулар өткізу туралы жоспарына байланысты, «Өндірісте ҚӘУЗ-ді пайдаланатын химиялық қауіпті объектідегі авария кезінде (хлор төгілген кездегі)  оқушылардың,  тұрақты құрамының іс-әрекеті» тақырыбы бойынша «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ-де Халықаралық Азаматтық Қорғаныс күніне арналған 2018 жыл наурыздың 01 күні эвакуациялық жаттығу өткізілді.

         Оқу мақсаты :

         жалпы – оқу орнынынң өндірісте ҚӘУЗ-ді пайдаланатын химиялық қауіпті объектідегі авария кезінде АҚ шараларын орындауға даярлығын тексеру;

         басшы, оқытушы құрамдар үшін - өндірісте ҚӘУЗ-ді пайдаланатын химиялық қауіпті объектідегі авария кезінде АҚ шараларын ұйымдастыру мен өткізуге  практикалық дағдыларды қалыптастыру;

         оқушылар үшін - өндірісте ҚӘУЗ-ді пайдаланатын химиялық қауіпті объектідегі  авария кезінде сауатты іс-әрекеттер мен өзін-өзі дұрыс ұстау дағдыларын қалыптастыру.

         Жаттығуға қатысушылар :

-         4 адам басшы құрам ;

-         31 адам оқытушылар құрамы;

-         522 оқушылар.

-         15 кіші қызметкерлер.

-         4- аспазшылар.

Өткізілетін жер: «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ.

Жаттығу кезіндегі практикалық іс-әрекеттер:

- жұмыс және жұмыстан тыс уақыттағы хабарландыру сызбасы , ғимараттың эвакуациялық жоспары тексерілді;

- Сынып жетекшілері оқушылардың мақта-дәке таңғышын дұрыс киюін бақылады, оқушыларды белгіленген бағыты  бойынша мектептен ұйымшылып, оларды қауіпсіз аймаққа алып барды, сол жерде  зақымдалушыларға алғашқы  дәрігерлік көмек көрсетті.

Дата: 2.03.2018, 22:11 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі