«Қазақстанның жаңғыруы 3.0- білімнің үлесі» бағыты бойынша өткен «Мектеп күні 2018» туралы ақпарат
Лицейімізде ақпанның 19 жұлдызында мектеп күні өтті. Мектеп күні бағдарламасы 3 бөлімді қамтыды. І бөлімде «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында оқулық беттерінен тыс мұражайда өлкетану бағытындағы авторлық бағдарламалар, презентациялар ұсынылды. 2-4 сыныпқа арналған «Шежірелі өлкем», «Өлкетану» оқу әдістемелік кешендер жинағын бастауыш сынып мұғалімдеі Кенжина А.Х., Жортарова Н.Н., «Балқаш өлкесі» электрондық оқулығын география пәні мұғалімі Тускеева А.М., тарих пәні мұғалімі Касенова А.Б. «Қазақстанның киелі орындары» факультатив курсының оқу–әдістемелік кешенімен таныстырды. Каспакова Қ.А. жетекшілігімен ұйымдастырылған «Жас өлкетанушылар» тобы өздерінің ізденіс жұмыстары бойынша мол мәлімет берді және лицей кітапханасының өлке тарихындағы мол қазынасын «Туған өлке-тұнған тарих, қазынам» кітап беттерінде атты бөлімде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Имухаметова С.С. таныстырып өтті.
ІІ бөлім «Функционалды сауатты мұғалім» бағыты бойынша көркем еңбек пәнінен жаңартылған білім мазмұнына сәйкес 5 сыныптарда Адамбай Ж.Т., «Музыка аспаптарын жасау» тақырыбында, Үсенова Т.О. «Бұйымды дайындау,безендіру» тақырыбында оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін, критериалды бағалаудың жаңа форматын қолдана отырып, ашық сабақ өткізді.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, жеке тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарымен жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық дейгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.Осы мақсатта жаратылыстану–математика бағытындағы пәндерді оқытудағы сандық білім беру ресустарының қолданысы туралы мұғалімдер өз тәжірибелерінен сабақ үзінділерін көрсетіп, және шағын топта оқушылардың жұмысын таныстырды. Химия пәні бойынша Мұқамеди Р.С. 8,9 сыныптардағы оқушылардың білім деңгейін кеңейтетін сайттар мен презентацияларды атап өтсе, физика пәні мұғалімі Макенбаева Г.Ж. CLIL технологиясы бойынша сабақ барысында ағылшын тілін үйренудің тиімді жолдарын көрсететін ғаламтор сайттарымен таныстырды. Animal 4D анатомия мобильді қосымшалардың ерекшелігін биология пәні мұғалімі Коккозова Н.А., математика пәнінің мұғалімі Әлжан Б.Т. «GeoGebra» 3D графикасы программасы арқылы 10-11 сыныптарға кеңістікті елестете отырып, есеп шығаруға болатынын айта кетіп, алдын ала оқыту тәсілдерін пайдаланып, 7 сынып оқушыларымен сабақ үзіндісін көрсетті.
Қоғамдық гуманитарлық бағытыныдағы пәндерді оқытудағы сандық білім беру ресустарының қолданысы туралы орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сардарбекова Г.Р. сабақ барысында оқушылардың тыңдалым, айтылым дағдыларын дамытатын сайттарды қолданып, сабақтарынан үзінді бейнероликтер көрсетті; Қазақстан тарихы пәні мұғалімі Касенова А.Б. Тәуелсіз еліміздің қазыналы мағлұматтарын алатын сайттармен таныстырды; ағылшын тілі пәні мұғалімі Жолдангарова П.М. 5 сыныпта «Animals» тақырыбында шағын топпен сандық білім беру ресурстарын қолдана отырып сабақ үзіндісін көрсетті.
ІІІ бөлім «Шығармашылық идеяларды тәжірибемен ұштастыру» бөлімінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Ата ананың жұмыс орнындағы 10 күн», «Ауылдағы 2 апта», «Қазақтың 100 әні», «Оқуға міндетті 100 кітап», қазақ тілі пәні мұғалімі Балтабай А.С. «Абай –руханияттың алты қазығы», директордың ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары Ашкенова Ш.А. «Оқушылардың IT сауаттылығын қалыптастыру жобалары» атты лицейдің даму стратегиясын жүзеге асырудағы жобаларын қорғады.