Облыстық «Бір аймақ – бір кітап» акциясы туралы
2016-2017 оқу жылында алғаш рет өткізілген облыстық акция биыл тағы жалғасын тауып отыр.
Акция мақсаты: жалпы қоғам назарын кітап оқуға байланысты қызығушылықтың төмендеуіне, адамның жеке тұлғасын қалыптастырудағы кітаптың рөліне аудару, оқырман мәдениетін дамыту және қолдау.
Акцияны қолдау негізінде лицей кітапханасында ақпараттық бұрыш қойылып, фойеде оқушылар үшін стенд жасақталды.
Орындаған: Х.Булганбай, лицей кітапханашысы
Дата: 8.01.2018, 10:20 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі