Размер шрифта:

Балаларды балабақшаға қабылдау туралы ақпарат Құрметті ата-аналар! Мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдау Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттар:
 
* баланы қабылдауға берілген жолдама;
* ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігі;
* баланың туу туралы куәлігі;
* баланың денсаулық паспорты (026/у нысаны);
* баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама;
* ерекше білім беру қажеттілігі болған жағдайда ПМПК қорытындысы.
 
Құжаттар толық ұсынылмаған немесе жолдаманың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда, кемшіліктер жойылғанға дейін баланы балабақшаға қабылдау жүргізілмейді.
 
Ата-аналардан Indigo жүйесіндегі ақпаратты уақтылы қадағалап, құжаттарды белгіленген мерзімде тапсыруларын сұраймыз. Бұл жолдаманың күшін жоймауға және баланы балабақшаға уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.