«Үздік сынып бұрышы» сайысы өтті...

«Үздік сынып бұрышы» сайысы өтті...

 

  М. П. Русаков атындағы №2 санаторлық мектеп-интернатында 11 қаңтар күні мектепшілік «Үздік сынып бұрышы» сайысы өтті. Сайысқа 1-10 сынып бұрыштары қатысты. Мақсаты: мектептің өзін-өзі басқарудың бір бөлігі – сынып бұрыштарының жұмысын жандандыру, жүйеге келтіру.
Сайыс нәтижесі бойынша сынып жетекшілерге ұсыныстар мен ескертулер айтылып, ескертулерді жоюға 3 күн уақыт берілді. Сайыста көзге ерекше көрініп, жүлделі орын иеленген сынып жетекшілері болды. Нәтижесінде 3 жүлделі орынды 3«А» сыныбы, 2 жүлделі орынды 10 «А» сыныбы және 1 жүлделі орынды 2 «А» сыныбы иеленді.

Дата: 14.01.2020, 17:59 Автор: Мектеп-интернат №2