Конституциясының 20 жылдығына арналған іс-шара

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде  10-30.08.15ж күндері аралығында  Қазақстан Республикасының  Конституциясының 20 жылдығына арналған іс-шаралар  жоспарланды.Мектеп фасадында баннер ілінді. Мектеп кітапханасында  «Асқақтаған-Ата Заң» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптар арасында   «Мен сені сүйемін-менің Қазақстаным»сурет сайысы, 9сынып оқушылары арасында  «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң»атты дөңгелек үстел өткізілді. Қазақ тілі пәні мұғалімі  Адамбаева Бақытгүл Тарыбаевнаның ұйымдастыруымен  «Елімнің елдігі-өз  қолымда» тақырыбында 5-6 сыныптар арлығында мәнерлеп оқу сайысы өткізіліп қорытындыланды.Дене тәрбиесі мұғалімдерінің  ұйымдастыруымен 8 сынып  оқушылары арасында волейболдан  жарыс өткізілді. 2-11 сынып оқушыларына және мектеп ұстаздарына  «Тәуелсіздік тірегі   - Ата Заң!»тақырыбында  салтанатты жиын өткізілді.30.08.15 жылы қалалық іс-шаралар  концерттік бағдарламаға,асфальтта сурет салуға және эстафеталық жарыстарға  қатысып, мадақтамамен марапатталды. Сол күні мектеп мұғалімдері мерекелік шеруге қатысып, оқушылар веложарысқа қатысып қайтты.


Дата: 2.09.2015, 14:20 Автор: №5 ОМ