Конституциясының 20 жылдығына арналған іс-шара
Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде 10-30.08.15ж күндері аралығында Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарланды.Мектеп фасадында баннер ілінді. Мектеп кітапханасында «Асқақтаған-Ата Заң» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптар арасында «Мен сені сүйемін-менің Қазақстаным»сурет сайысы, 9сынып оқушылары арасында «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң»атты дөңгелек үстел өткізілді. Қазақ тілі пәні мұғалімі Адамбаева Бақытгүл Тарыбаевнаның ұйымдастыруымен «Елімнің елдігі-өз қолымда» тақырыбында 5-6 сыныптар арлығында мәнерлеп оқу сайысы өткізіліп қорытындыланды.Дене тәрбиесі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс өткізілді. 2-11 сынып оқушыларына және мектеп ұстаздарына «Тәуелсіздік тірегі - Ата Заң!»тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.30.08.15 жылы қалалық іс-шаралар концерттік бағдарламаға,асфальтта сурет салуға және эстафеталық жарыстарға қатысып, мадақтамамен марапатталды. Сол күні мектеп мұғалімдері мерекелік шеруге қатысып, оқушылар веложарысқа қатысып қайтты.