Рәміздер - ел беделі
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында «Рәміздер - ел беделі» тақырыбында кітап бұрышын ұйымдастырылып, мектеп кітапханашысы К.Махашова 4 Б сынып оқушыларына таныстырды.
Мақсаты: Оқушыларға еліміздің рәміздерінің мағынасын терең түсіне білуге мемлекеттік рәміздердің авторларының өмірбаяндарын, еңбек жолдарын үйрету,өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.Оқушылардың мемлекеттік нышандарды оқып-үйренуде өзіндік дағды қалыптастырып және шығармашылық қабілеттерін дамыту.Оқушыларды Отан сүйгіштікке адалдыққа , адамгершілікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.