Размер шрифта:

Рәміздер - ел беделі

Рәміздер - ел беделі

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің  «№5 жалпы   білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында «Рәміздер - ел беделі» тақырыбында кітап бұрышын ұйымдастырылып,   мектеп кітапханашысы К.Махашова 4 Б сынып оқушыларына таныстырды.

Мақсаты: Оқушыларға еліміздің рәміздерінің мағынасын терең түсіне білуге     мемлекеттік рәміздердің авторларының өмірбаяндарын, еңбек жолдарын үйрету,өз ойын дұрыс жеткізуге  ынталандыру.Оқушылардың мемлекеттік нышандарды оқып-үйренуде өзіндік дағды қалыптастырып және шығармашылық қабілеттерін дамыту.Оқушыларды Отан сүйгіштікке  адалдыққа , адамгершілікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

 Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Дата: 9.11.2021, 16:34 Автор: №5 ОМ