«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында облыстық конференция өткізілді
25.02.2021 күні ZOOM платформасында онлайн режимде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығы және Қарағанды облысы дін істер басқармасы мамандарының ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында облыстық конференция өткізілді. Конференцияда 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарымен таныстыра отырып, діни экстремизмнің алдын алу үшін қандай жұмыстар жүргізілу керектігі туралы түсінік берді.Жастарға діни білімді ата-ана беру керектігі, интернет желілеріндегі видео,аудиоларды көруге тыйым салынатындығын ескертті. Қарағанды қаласы дін істер басқармасының маманы Қарсыбекова Жанар және теолог Қанат Мұратов қатысушыларға Діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерін болдырмау арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – барлық адамзаттың маңызды міндеті екендігі туралы түсіндірді.Кездесу барысында, діни мамандар статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, діни экстремизмнен зардап шеккен жандар туралы айтты. Тұғырлы мемлекетімізде қоғамға әсер етіп, қорқыныш тудыратын діни ағымдар аз еместігі және есімдері жер жарып тұрған экстремистік ұйымдардан аулақ болу, бұрыс бағыттардан өзін-өзі алшақ ұстау мәселелері туралы мағұлмат берді.Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы — олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру керектігі ескертілді.