Размер шрифта:

«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында облыстық конференция өткізілді

«Діни экстремизм мен  терроризмнің  алдын  алу»  тақырыбында   облыстық  конференция  өткізілді

25.02.2021 күні  ZOOM платформасында  онлайн режимде  Қарағанды облысы  білім  беруді  дамытудың оқу әдістемелік  орталығы және Қарағанды облысы  дін істер  басқармасы мамандарының   ұйымдастыруымен   «Діни экстремизм мен  терроризмнің  алдын  алу»  тақырыбында   облыстық  конференция  өткізілді. Конференцияда 2018-2022 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарлама іске  асыру  жөніндегі іс-шаралар жоспарымен  таныстыра отырып, діни  экстремизмнің алдын  алу үшін  қандай  жұмыстар  жүргізілу  керектігі  туралы  түсінік  берді.Жастарға  діни  білімді  ата-ана беру  керектігі, интернет  желілеріндегі видео,аудиоларды көруге  тыйым  салынатындығын ескертті. Қарағанды  қаласы  дін  істер  басқармасының маманы  Қарсыбекова  Жанар  және  теолог   Қанат Мұратов   қатысушыларға  Діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерін болдырмау арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – барлық адамзаттың маңызды міндеті екендігі туралы  түсіндірді.Кездесу барысында, діни мамандар статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, діни экстремизмнен зардап шеккен жандар туралы айтты.  Тұғырлы мемлекетімізде қоғамға әсер етіп, қорқыныш тудыратын діни ағымдар аз еместігі және  есімдері жер жарып тұрған экстремистік ұйымдардан аулақ болу, бұрыс бағыттардан өзін-өзі алшақ ұстау мәселелері туралы мағұлмат берді.Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы — олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру керектігі  ескертілді.

Дата: 25.02.2021, 16:29 Автор: №5 ОМ