«Латын графикасы –тіл тазалығына төте жол»
15 қазан күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Латын графикасы –тіл тазалығына төте жол» тақырыбында 5 сыныптармен ZOOM платформасы арқылы вебинар өткізілді.
Мақсаты : оқушыларға латын әліпбиіне көшу - қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік екендігін түсіндіру, ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруге жағдай жасау.
Латын әліпбиіне көшу- ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасау, қазақы айтылым мен жазылым талаптарын жүйеге түсіру деп түсінуіміз керек.
Қатысушыларға латын графикасына көшудің маңыздылығы , тиімділігі туралы ақпаратар беріліп, оқушылар зейін қойып тыңдады.
Өткізілген іс-шара-аясында 5 сынып оқушылары Токшыманов Алан , Әділетқызы Айым, Айтмағанбетова Карима көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.
Іс- шара латын қарпімен берілген мақал-мәтелдерді шапшаң оқуда « Кім жылдам» ойынымен аяқталды.
Дата: 15.10.2020, 14:07 Автор: №5 ОМ