Размер шрифта:

«Латын графикасы –тіл тазалығына төте жол»

«Латын графикасы –тіл тазалығына төте жол»
15 қазан күні  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» жобасы  аясында «Латын графикасы –тіл тазалығына төте жол»  тақырыбында  5 сыныптармен  ZOOM платформасы арқылы    вебинар өткізілді.
 Мақсаты : оқушыларға латын әліпбиіне көшу - қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік екендігін түсіндіру, ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруге жағдай жасау. 
  Латын әліпбиіне көшу- ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасау, қазақы айтылым мен жазылым талаптарын жүйеге түсіру деп түсінуіміз керек.
  Қатысушыларға латын графикасына көшудің маңыздылығы , тиімділігі туралы  ақпаратар беріліп, оқушылар  зейін қойып  тыңдады. 
    Өткізілген іс-шара-аясында  5 сынып оқушылары Токшыманов Алан , Әділетқызы Айым, Айтмағанбетова  Карима  көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. 
    Іс- шара   латын қарпімен берілген мақал-мәтелдерді  шапшаң оқуда  « Кім жылдам»  ойынымен аяқталды.
Дата: 15.10.2020, 14:07 Автор: №5 ОМ