«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Тарих тағылымы» атты қалалық бейнероликтер сайысының ақпары
Бүгін, яғни 30.11.2018ж. «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Тарих тағылымы» атты қалалық бейнероликтер сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің белсенді және дарынды оқушыларын анықтау және олардың ғылыми – ізденіс және жаңашыл іс-әрекеттерін қолдау көрсету.
Сайысқа барлығы 13 мектептен 22 оқушы қатысты. Туған өлке тарихы мен мектептерінің жетістіктері туралы видеороликтерін қорғап шықты. Комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, сайыста жеңімпаздар анықталды. 1 орынды «Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектеп» КММ-нің 8 сынып оқушылары Тиыштықбек Дидар және Ғазизов Ислам иеленді. 2 орынды «Жалпы білім беретін №8 орта мектеп» КММ – нің оқушысы Қоныров Дарын және «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебі» КММ –нің оқушысы Бауржанов Жанат иеленді. 3 орынды «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ-нің оқушысы Тлеуғабыл Айнара және «Балқаш қаласының жалпы типті жалпы білім беретін мектеп-интернаты» КММ-нің оқушылары Кездыкбаева Оксана, Штефырцэ Екатерина, "Балқаш қаласы М.П.Русаков атындағы жалпы білім беретін №2 санаторлық мектеп интераты"КММ-нің қатысушысы Омарова Айсұлу, Аяғанова Баян иеленді. Қатысушылар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Алдағы уақытта осындай іс-шаралар өз жалғасын табады.