Размер шрифта:

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Тарих тағылымы» атты қалалық бейнероликтер сайысының ақпары

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Тарих тағылымы»  атты қалалық бейнероликтер сайысының ақпары

Бүгін, яғни 30.11.2018ж. «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Тарих тағылымы»  атты қалалық бейнероликтер сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің белсенді және дарынды оқушыларын анықтау және олардың ғылыми – ізденіс және жаңашыл іс-әрекеттерін қолдау көрсету.

Сайысқа барлығы 13 мектептен 22 оқушы қатысты. Туған өлке тарихы мен мектептерінің жетістіктері туралы видеороликтерін қорғап шықты. Комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, сайыста жеңімпаздар анықталды. 1 орынды «Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектеп» КММ-нің 8 сынып оқушылары Тиыштықбек Дидар және Ғазизов Ислам иеленді. 2 орынды «Жалпы білім беретін №8 орта мектеп» КММ – нің оқушысы Қоныров Дарын және «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебі» КММ –нің оқушысы Бауржанов Жанат иеленді. 3 орынды  «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ-нің оқушысы Тлеуғабыл Айнара және «Балқаш қаласының жалпы типті жалпы білім беретін мектеп-интернаты» КММ-нің оқушылары Кездыкбаева Оксана, Штефырцэ Екатерина, "Балқаш қаласы М.П.Русаков атындағы жалпы білім беретін №2 санаторлық мектеп интераты"КММ-нің қатысушысы Омарова Айсұлу, Аяғанова Баян иеленді. Қатысушылар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Алдағы уақытта осындай іс-шаралар өз жалғасын табады. 

Дата: 30.10.2018, 15:54 Автор: №5 ОМ