«Менің елім, менің Қазақстаным!»
Мектебімізде 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.Мектеп ауласында тақырыптық банер ілініп бірінші қабатта «Менің елім, менің Қазақстаным!» тақырыбында ақпараттық стенд жасалынды. Мектеп кітапханасында «Алаштың айбары- Елдіктің байрағы»тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып оқушыларға таныстырылды.Сынып кабинеттерінде тақырыптық сынып бұрыштары безендірілді. 2-4 сыныптар арасында «Тәуелсіз елім тірегім!»Отан,туған жер жайлы өлеңдерден мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.1-4 сыныптарда «16 желтоқсан –Қазақста Республикасының Тәуелсіздік күні. Жаңа қазақстандық патриотизм- көпұлтты қоғамның даму негізі», 5-7 сыныптарда Жаңа қазақстандық патриотизм - көпұлтты қоғамның даму негізі, 8-10 сыныптарда 16 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.Мәңгілік Елдің жеті мызғымас қағидасы» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.5-10 сыныптарда спорттық шаралар өткізілді. «Айбыны асқақ , тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан!»тақырыбында салтанатты жиын өткізіліп , мерекелік концерте қойылды.