Размер шрифта:

«Менің елім, менің Қазақстаным!»

«Менің елім, менің Қазақстаным!»

Мектебімізде 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күніне  орай  іс-шаралар  ұйымдастырылып өткізілді.Мектеп ауласында тақырыптық банер ілініп бірінші қабатта  «Менің елім, менің Қазақстаным!»  тақырыбында ақпараттық  стенд    жасалынды. Мектеп кітапханасында    «Алаштың айбары- Елдіктің байрағы»тақырыбында  кітап көрмесі ұйымдастырылып оқушыларға таныстырылды.Сынып кабинеттерінде  тақырыптық  сынып бұрыштары безендірілді.  2-4 сыныптар арасында  «Тәуелсіз елім тірегім!»Отан,туған жер жайлы өлеңдерден  мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.1-4 сыныптарда «16 желтоқсан –Қазақста Республикасының Тәуелсіздік күні. Жаңа қазақстандық патриотизм- көпұлтты қоғамның даму негізі», 5-7 сыныптарда Жаңа қазақстандық патриотизм - көпұлтты қоғамның даму негізі, 8-10 сыныптарда 16 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.Мәңгілік Елдің жеті мызғымас қағидасы» тақырыптарында  сынып сағаттары өткізілді.5-10 сыныптарда  спорттық шаралар өткізілді. «Айбыны асқақ , тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан!»тақырыбында  салтанатты жиын өткізіліп , мерекелік концерте қойылды.

Дата: 15.12.2017, 16:05 Автор: №5 ОМ