Оқу сауаттылығы апталығы
Қарағанды облысы білім басқармасы Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында қараша айынан бастап мектеп жасына дейінгі балалар арасында оқу сауаттылығы апталығы өткізілуде.
Оқу сауаттылығы апталығының мақсаты: тәрбиеленушілерді кітап мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту бойынша топтардағы жұмысты жандандыру.
Оқу сауаттылығы апталығының негізгі бағыты : Балалармен жұмыс жасаудың нысандары мен әдістерін жаңарту арқылы білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылында балаларды кітапқа тарту бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың көркем әдебиетке деген тұрақты қызығушылығын дамыту;
- Балаларды кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту, кітап сүйер қауымды әлемге тарту;
- Ата-аналарды балалардың қызығушылығын, кітапқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты дамытуға ынталандыру;
- Мектеп жасына дейінгі балаларды оқу сауаттылығына тәрбиелеу.
Апталық аясында ертегілерді сахыналау, кітаптар көрмесі, фотокөрмелер,,түрлі сайыстар,фестивальдар, педагогтер арасында брейн -ринг, театрлық қойылымдар мен ойын сауықтар ұйымдастырылып өткізіледі.
Құрметті ата-аналар , педагогтер, балалар оқу сауаттылығы апталығына барлықтарынызды ат салысуға шақырамыз.
Дата: 2.11.2021, 10:10 Автор: Күншуақ