"Тіл - халықтың тірі жаны!"
Біздің балабақшада Тілдер күніне арналған «Тіл-халықтың тірі жаны» атты іс -шара өтті. Бұл шараның мақсаты - балаларды Отанмен - Қазақстан Республикасымен таныстыруды жалғастыру. Біздің көп ұлтты мемлекетімізді мекендейтін әр түрлі ұлт өкілдері туралы балалардың түсініктерін кеңейту және байыту. Әр түрлі ұлт өкілдерін өмір салтымен, салт -дәстүрімен таныстыру. Балалар арасында Қазақстанның тең құқықты, еркін мемлекет екендігі туралы түсінік қалыптастыру. Патриоттық сезімді тәрбиелеу, Отанға, әр ұлт өкілдеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет.
Тілдер күніне арналған іс -шаралар барысында орта топтарда тақырыптық сабақтар өткізілді. «Мен, сен, ол, - бірге тату отбасы».
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері «Мен бүкіл әлемнің достарымен біргемін» атты тақырыптық сабақ өткізді, бүгінгі қазақ халқының өмірі мен басқа ұлт өкілдері туралы. Балалар слайд көріп, Қазақстанда тұратын халықтардың тіліндегі әндерді тыңдады және өлең оқыды, ән айтты, би биледі және ұлттық ойындарын ойнады. Әндер халықтың ежелден келе жатқан үміттері, ұмтылыстары мен ішкі армандарын көрсетеді. Олардың білім берудегі рөлі орасан зор, мүмкін ештеңемен салыстыруға келмейді. Әндегі әдемілік пен жақсылық бірлікте көрінеді. Халық әндері тек жақсылыққа бағытталған, адамдық бақытқа бағытталған ең жоғары ұлттық құндылықтарды бойына сіңірді.