Серуен
Балалардың таза ауада болуы мектеп жасына дейінгі баланың физикалық дамуы үшін үлкен маңызға ие. Серуендеу-бұл баланың денесін қатайтудың алғашқы және қол жетімді құралы. Бұл қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне, әсіресе суыққа төзімділігі мен тұрақтылығын арттыруға көмектеседі. Серуенде балалар ойнап, көп қозғалады. Қозғалыс метаболизмді, қан айналымын, газ алмасуды күшейтіп, тәбетті жақсартады. Балалар әртүрлі кедергілерді жеңуді үйренеді, ептілікке, батылдыққа, төзімділікке ие болады. Олардың моторикасын дамытады, бұлшықет жүйесі күшейтіп, өмірге деген құлшынысы артады. 01.04.2021 ж жылдық жоспарға сәйкес, "Фиджеттер" ересектер тобында серуендеу ашық түрде өтті. Балалар табиғаттағы өзгерістерді бақылап, қоршаған орта туралы жаңа әсерлерімен бөлісіп білімдерін кеңейтті.