1 наурыз - Алғыс айту күні!
2016 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда "Алғыс айту күні"деп жарияланды. "Алғыс айту" мерекесі 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясында бастама алды. Біздің балабақшамызда балабақшамызда қалыс қалмады. 1 наурыз балабақшада "Алғыс айту" күні акциясы өтті. Бұл күнде барлық қызметкерлер әр түрлі тілде алғыс жазылған көңілді смайликтер алды. Мерекеде адамдар арасында тәрбиелілік пен сыпайылық, ризашылықты білдіруді ұмытпаудың маңыздылығын еске салу аталып өтілді. Балабақша қызметкерлері Отанға, елге, жерге деген, қазақстандықтар мен этностар арасындағы келісім мен бейбітшілік, мектептегі білім алған ұстаздар, ата-ана, туған -туыс, тәрбие алған үлкендерге, достар, сыныптастар, көршілер, аналары мен әйелдер қауымы, еліміздің патриот аза аттары, құқық қорғаушылар мен полиция қызметкерлері, әлем қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуші әскери қызметкерлеріне өз алғыстары мен рищашылықтарын білдірді. Алғыс айту күніне орай "Қазақстан біздің ортақ үйіміз" атты музыка залында қызметкерлерге арналған мерекелік концерт болды. Сонымен қатар акцияға балабақша бүлдіршіндерінің өз қолдарымен жасалған, алғыс сөздерінен тұратын ашық хаттарын аспазшыларға, медицина қызметкері мен педагогтарға сыйлады. Барлық топтардағы педагогтар "Рахмет айту" атты тақырыптық сабақтар өткізді, онда бүлдіршіндер сиқырлы ризашылық сөздеріді, мақал-мәтелдерді айту арқылы өз білімдерін көрсетті. Бұл күні топтарда ризашылық, әдептілік атмосферасы сезілді. Балалар мен ересектер қуаныш пен шаттық сезімін ұмытылмастай шынайы сезіне алды. Сондай-ақ мектепалды даярлық тобы алғыс сөздерін айту және олардың мән мағынасы мен қолданылуын түсіндіру арқылы ойын форматында өз білімдерін толықтырды. Алғыс айту- сыртқы мінез -құлыққа және әрі қарай жеке тұлға болуына жағымды әсер етеді. Бұл мектепке дейінгі балалардың білімі мен заманауи тәрбие екендігін білдіреді. Балаларымызға сүйіспеншілік көзімен қарап, жиі-жиі ризашылығымызды білдірейік.