«Ұлы дала ұрпақтары» жобасы аясында «Ұлттық домбыра» күніне арналған «Күмбірле, күй-домбыра» әдеби-сазды кеш өткізілді.
Әдеби-кеш барысында кішкентай бүлдіршіндерге қазақтың атақты Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нүрпейісова, Тәттімбет Қазанғапұлы, Дәулеткерей Шығайұлы сияқты тағы басқа күйшілерін таныстыра отырып, киелі домбыраның жасалу тарихын, домбыраның пайда болуы туралы аңыздар мен тақпақтар айтылды. Сондай-ақ, әдеби-кешімізге қаламыздың бетке ұстар азаматының бірі Шаймерденов Аманжол бүлдіршіндерге «Әлқиса», «Сарыарқа» күйін орындап берді. Балабақшамыздың тәрбиеленушілері қонағымыздың күйін тамсана тыңдап, шаттаңа отырды. Балалардың қуаныштарында шек жоқ.
Дата: 9.04.2019, 9:43 Автор: Күншуақ