Ашық әңгіме
23 қаңтарда 8-ші сыныптың қыз балалары үшін «Ашық әңгіме» рухани ізгілік сабағы өткізілді. Сабақты аналар Мектебінің төрайымы Елена Владимировна Ксенофонтова дайындап, өткізді. Елена Владимировна қыз балалармен рухани-адамгершілік жайлы әңгіме жүргізді. Сабақ соңында рефлексия өткізілді: іс-шараға қыз балалар үлкен ықыласпен қатысты, көптеген пайдалы кеңестерді алды және тағыда кездесеміз деген оймен өз пікірлерін айтты.
Дата: 26.01.2017, 2:43 Автор: №10 ЖББОМ