«Бірлік пен Тұтастық» Күні

«Бірлік пен Тұтастық» Күні

26 қарашада мектебімізде «Бір шаңырақ астында!» Қазақстан халқының дәстүрлері  атты фестивалі өткізілді. Фестивальге  барлық 5-8 сыныптар қатысты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.     

8 «а»  және 5 «г»  сыныптарының оқушылары қазақ халқының ертеден қалыптасқан  «Шашу» дәстүрімен  мерекені ашты.    

8 «б»сыныптардың оқушылары Азербайжан халқының тамаша тұсаукесері мен би дәстүрін  көрсетті.  Ал  8 «в» сыныбының оқушылары  қонақтарға «Кухен» неміс халқының  дәмді пирогын  ұсынды.

5-7 сыныптардың оқушылары сахнаға жарқырап шығып украин халқының  салт-дәстүрін өлеңдетіп, әндетіп жеткізді.   

 6 «б» сыныбының оқушылары өзбек халқының биін билеп, көрермен көңілін көтерді.  

           ЖББ № 10 орта мектеп директоры                          Л.Ю.Горбулева 

Дата: 19.12.2016, 2:03 Автор: №10 ЖББОМ