«Балалар, назарына!» Республикалық акциясының шеңберіндегі ЖҚЕ, ЖКО бойынша ата-аналар жиналысы мен іс-шаралар өткізілуі туралы
3қыркүйекте 1-ші сыныптардың оқушыларының ата-аналары үшін «Мектепке қауіпсіз жол» тақырыбында жиналыс өткізілді. (69 адам) Ата-аналар алдында мектеп директоры Л.Ю. Горбулева сөз сөйледі.
Людмила Юрьевна балалардың денсаулығы мен өмірі үшін ата-ананың жауапты екенін ескертті. Балалардың жолда жүру ережесін білуіне жұмыстар жүргізу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Балаларға жолда жүру ережесінің маңыздылығын, оның өмірі мен денсаулығын сақтау үшін керектігін жеткізу қажет. ТЖ бойынша директор орынбасары М.А. Ливицкая ата-аналарды жолда жүру ережесін сақтау бойынша іс-шаралар жоспарымен таныстырды және оларға «Мектепке қауіпсіз жол» тақырыбына ұсыныстар берді.
Мектептің алғашқы күндерінен бастап ата-ана балаға «Үй-мектеп», «Мектеп-үй» қауіпсіз жолын көрсетіп онымен бірге өтуі керек. Жолдан дұрыс өтуді үйретуі керек. Дәл осы күні бастауыш сынып оқушыларымен «Каскад» ЖЖИ отряды «Қызыл, Жасыл, Сары» ойынын өткізді.
ЖББ № 10 орта мектеп директоры Л.Ю. Горбулева