2016 жылдың 1 наурызында Алғыс Күнін тойлау аясында ісшаралардың өткізілуі туралы ЖББ № 10-орта мектептің ақпараты

26 ақпанда Көшбасшылар Кеңесінің отырысы, мұғалімдермен кеңес өткізіліп, онда Алғыс Күні туралы ақпараттар, осы күнге арналған ісшаралар жоспары айтылды. «Мектеп ғаламшары» ақпарат қабырғасында «1 наурыз – Алғыс Күні» айдары, кітапханада «Қазақ еліне тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
1наурызда «Жанұя бірлігі» салтанатты жиыны өткізілді. Жиында ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың осы күнді тойлау туралы айтқан сөздері Қазақстан халқының тарихы айтылды, «Қазақстанға жол» бейнефильмінен үзінді көрсетілді. Мектеп директоры Л.Ю. Горбулева «Қайырымды бол» акциясына белсенді қатысқан сынып ұжымдарына Алғыс хатын, қалалық ісшаралардың жүлделі орын иелеріне грамоталар тапсырды.
Жиыннан кейін, барлық сыныптарда сынып сағаты өткізілді. 11-сыныпта дөңгелек үстел өткізілді (сын. жетек. Г.А. Шегирова).
Тарих пәнінің мұғалімдері Н.В. Сидорова мен Б.С. Грабовец 9 «б» мен 8 «а» сыныбында «Тарих беттері бойынша: Қазақстан және сталиндік саясат салдары» тарих сабағын өткізді. Мектеп оқушылары халықты жер аудару тарихы туралы, Қазақстанға жер аударып келгендердің өміріне қазақ халқының рөлі туралы баяндамалар жасады. Сабаққа қатысушылар КСРО халқының Қазақстанға жер аударылуы туралы бейнефильм көрді.
7-сыныптардың оқушылары үш тілде «Халықтың алғысы- ең жоғарғы мәртебе» газетін шығарды, «Ұстаздар, сіздерге рахмет!» стендісі әзірленді.
Шығарма, сурет конкурсы өткізілді. «Анам мен әкеме рахмет» сурет көрмесі ұйымдастырылды (1-4 сын.) (жауапты М.А. Ливицкая). «Кімге рахмет айтасыз!» блиц-сұрақты (жауапты Л.В. Кириченко) 7 «в» сыныбынан мектептің өзін-өзі басқару белсенділері өткізді. Сұрақтарға мектеп оқушылары, қызметкерлері, қала тұрғындары жауап берді.
Музыка пәнінің мұғалімі О.В. Науменко 2 және 5-сыныптар оқушыларының арасында «Ұстазға рахмет!» музыкалық конкурсын өткізді.
5,6-сыныптардың оқушылары «Бата беру» конкурсына қатысты. Мектеп оқушылары және бишілер ұжымы ҚР Тәуелсіздік Күнінің 25 жылдық мерекесіне және Алғыс Күніне арналған қалалақ ісшараға қатысты (жауапты Л.В. Кириченко, Л.В. Кочетков, Л.В. Лоскутова).