Размер шрифта:

ТЖ туралы Республикалық интерактивтік сабақ бойынша ЖББ № 10-орта мектептің ақпараты

ТЖ туралы Республикалық интерактивтік сабақ бойынша ЖББ № 10-орта мектептің ақпараты

2016 жылдың 25 ақпанында  сағат 12.00-де ТЖ бойынша Республикалық онлайн сабақ өткізілді.  Сабақты көруге 9-10 сыныптардың оқушылары, мұғалімдер және техперсоналдар қатысты.  Онлайн сабақта азаматтық қорғаныс жайлы тақырып қозғалды.  Жыл сайын 1 наурызда әлем елдері дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап өтеді.  Климаттың өзгеруі, еліміздегі толғаныс, құс және шошқа тұмауының орын алуы жайлы, халықтың кез келген төтенше жағдайға  дайын болуы жайлы, қалай дұрыс әрекет жасау, қайда бару және  қажетті көмекті өзіңе, жақын адамыңа немесе жәбірленушіге қалай көрсете білу керектігі жайлы айтылды.  Сонымен қатар сақтанудың жедел жүйесін күшейту, төтенше жағдайларға ықпал ету сапасын арттыру үшін, қажет екені айтылды. Сабақ соңынан осы тақырып бойынша ұжымдық талқылау жүргізілді.

Дата: 26.02.2016, 7:18 Автор: №10 ЖББОМ