ЖББ № 10 орта мектептің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік шарасын өткізуі туралы ақпараты 2015-2016 оқу жылы

16 желтоқсан – мемлекетіміздің азаматтары үшін аса маңызды күн, тарихтың ескі кезеңінің соңын дәріптейтін, Қазақстан Республикасының даму парақтары басталған күн.
ЖББ № 10 орта мектебімізде әр азаматтың Отанды құрметтеуіне, Отан алдындағы жауапкершілік қабілетін қалыптастыруға,қоғам өміріндегі маңызды мәселелерге белсенділік танытуға, ұлттық намысты нығайтуға, өз тарихын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында, жоспарға сәйкес апта көлемінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне байланысты іс шаралар өткізілді. Мектеп ауласында көк және сары түсті жалаушалар тартылды. ҚР Мемлекеттік Туы орнатылды. «Мектеп ғаламшары» ақпарат қабырғасында «Тәуелсіз елдің ұланы» тақырыбында Тәуелсіздік туралы материалдар жарияланды.
Жыл сайын желтоқсан құрбандарына арналған арнайы айдар ашылады (жауапты Л.В. Кириченко, Г.А. Шегирова). Барлық сынып бұрыштары «Бұл маңызды» айдарымен мереке туралы ақпараттық материалдармен толықтырылды. Мектеп кітапханасында, фойесінде көрме ұйымдастырылды.
7 желтоқсанда «Туған елім- Тәуелсіз Қазақстан» жиыны өткізіліп, Тәуелсіздің Күніне арналған іс шаралардың басталғаны жарияланды . Дәл осы күні оқуда, спортта, конкурстарда жетістікке жеткен оқушыларды, мектептің және қаланың өміріндегі қоғамдақ істердің белсенділерін (жауапты Г.В. Кубыкина) «Жас Ұлан» қатарына қабылдау салтанаты өткізілді. Тәуелсіздік Күніне арнап оқушылар «Тәуелсіз Отаныма – Менің білімім» білім сайысында бақтарын сынады. «Мақтамын өзіңмен, Қазақстаным» конкурсында балалар сұрақтарға жауап берді, картамен жұмыс жасады, Қазақстанның қалалары жайлы әңгімеледі.
Бастауыш сыныптар және 5-9 сыныптар оқушыларының арасында сурет салудан, жапсырудан, коллаж жасаудан конкурстар өткізілді. Конкурстардың ең белсенді қатысушылары 4 «а», 1 «в», 7 «а», 6 «в», 8 «а», 7 «б» сыныптарының оқушылары болды. Электрондық нұсқадағы «Тәуелсіздік жайлы сөз» атты конкурста 7 «б» сыныбының оқушысы А. Остапенко жұмысын ұсынды, 1-орын алды (мұғалімі Л.Н. Галицина). Шығарма және эссе жазу конкурсында оқушылар 2 «а» сыныбынан Лолита Шатохина, Анна Камаева, 4 «а» сыныбынан Амина Оспанова, 8 «б» сыныбынан Марина Ан жеңіске жетті.
Спорт залында «Алға Қазақстан» спорттық жарыстары өткізілді, онда 3-сынып оқушылары белсенді болды (мұғалімі Н.Н. Черных). Әр команда жеңімпаз болуға ұмтылды, бірақ нәтижесінде ең әлді команда 3 «а»сынып оқушылары болды (мұғалімі Э,Б, Хасенова).
14.12 барлық сыныптарда «Мемлекеттік рәміздер- мақтанышымыз» тақырыбында зачет тапсыру өткізілді. Комиссия мүшелерінің құрамында мектеп әкімшілігінің, өзін-өзі басқарудың, Әкелер Кеңесінің өкілдері, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері болды. Балалар Мемлекеттік рәміздер туралы, оны құрметтеу ережесі туралы білімдерін көрсетті. Үздік білім көрсеткен 7 «а», 9 «б», 8 «б» сыныптарының оқушылары.
Мектеп кітапханашысы Н.Н. Куприянчик 8-сынып оқушыларымен «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»; 1-7, 9 сыныптарда « Тәуелсіз Қазақстан –бейбітшілік, мейірімділік пен келісімділік елі » атты әңгіме сағаттарын өткізді.
10,11 сыныптардың оқушылары тарих пәнінің мұғалімі Т.А. Ремневаның жетекшілігімен «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясын іске асыру дөңгелек үстел өткізді.
Мектеп алды даярлық сыныптарында «Біздің Отанымыз - Қазақстан» әңгіме саяхат өткізілді. Бүлдіршіндер Қазақстан туралы тақпақтар оқыды, еліміздің рәмәздері туралы айтты.
Мектеп ұжымының салтанатты жиналысы өткізілді. Әр саладағы атқарған қызметтері үшін көптеген ұстаздар мен қызметкерлер грамотамен марапатталды. Ұжымды мерекемен мектеп директоры Л.Ю. Горбулева, кәсіподақ комитетінің төрайымы Б.Е. Рысбаева құттықтады.
15.12 мектептің жиын залында «Тәуелсіздік - тұғырым» атты салтанатты жиын өткізілді (жауапты Г.А. Шегирова). Жиында 9 «а» сыныбының насихат бригадасы Тәуелсіз Қазақстан тарихы жайлы баяндады.
Вокалдық топтың орындауында Отан туралы ән шырқалды. Қазақ тілі конкурсының жеңімпазы Дарья Смык (9 «а») Қазақстан жайлы өлең оқыды. Конкурс жеңімпаздары суретке түсті және марапатталды. Оқушыларға грамоталар, сертификаттар, медальдар тапсырылды.
Мектептің Ту ұстаушылар тобы Тәуелсіздік Күніне арналған қалалық конкурсқа қатысты (жауапты Л.Г. Кочетков). «Қарыштай бер, елім менің - Қазақстаным» шығармашылық жұмыстар көрмесіне мектеп оқушыларының жұмыстары (жетекшілері Е.А. Кубыкина, Т.В. Якушенко) ұсынылды.
10-сынып оқушылары Диас Жакыпбаев пен Амир Мукашев дебат турнирінде 1-орынға ие болды (жетекшісі С.К. Калымбек).