ЖББ № 10-орта мектептің күзгі каникулда өткізген іс-шаралары туралы ақпараты «Күз келбеті» 2015-2016 оқу жылы

ЖББ № 10-орта мектептің күзгі каникулда өткізген іс-шаралары туралы ақпараты «Күз келбеті» 2015-2016 оқу жылы

Күзгі каникул басталғанша, балалардың каникулда бос уақыттарын дұрыс пайдалануы үшін, денсаулықтарын нығайтуға,  интеллектуалдық, жеке шығармашылық  қабілеттерін дамытуға жағдай жасау мақсатында, қалалық іс-шараларды есепке ала отырып «Күз келбеті» іс-шарасының жоспары жасалды. Ақпараттық қабырғада каникул жоспары сынып жетекшілері үшін және оқушылар үшін әзірленді.

2015ж. 03.11  «Алақай, каникул басталды!» атты саптық жиыны, сынып сағаттары өткізілді. Балалар каникул уақытының жоспарымен танысты, қауіпсіздік ережелері туралы, қоғамдық орындарда өзін ұстау ережелері туралы  қайталанды. Қалалық іс-шараларға қатысу бойынша сыныптарға тапсырмалар берілді.   

05.11. «Күлкі шарайнасы» би  марафонына 41 оқушы қатысты. 6 «в» сыныбының оқушысы Евгения Романова «Күз-береке, күз-мереке!» сурет конкурсына қатысты. Женяның жұмысы ең үздік болып танылды. Жас суретші 1-орын алып, грамотамен марапатталды.

06.11.  2-4 сыныптар оқушылары «Монстры на каникулах» мультфильмін тамашалады. Мектептің АТК командасы, аға тәлімгер Г.В. Кубыкинаның басшылығымен   АТК  2 турға қатысты және құрметті 2-орынды жеңіп алды. Команданың қойылымы мазмұнды, әуенді әрі қызықты болды. Команда грамотамен марапатталды.

АТК-на 30 көрермен қатысты.

09.11. 4-сынып оқушылары (20 оқушы) «Достар арасында» ойын-сауық бағдларламасына қатысты.

04.11. мектеп спорт залында 7-ші сыныптар оқушыларының арасында баскетболдан жарыс өткізілді.

7 «б» сыныбында дәстүрлі «Туған күніңмен!» шарасы өткізілді. Балалар сынып жетекшісі О.А. Желобецкаямен тақырыпқа сай бағдарлама дайындады.  9-сынып оқушылары (2 оқушы) өткізілген кәсіби сынаққа қатысты. Кәсіби сынақтан БТК «Электрик» мамандағы бойынша 9 «б» сыныбының ер балалары, ал БСК «Аспазшы», «Шаштараз» мамандақтары бойынша 9 «в» сыныбының қыз балалары өтті.

  7-ші сыныптар оқушылары робототехник  көрме  тұсаукесеріне қатысты.             

5 «б» сыныбының оқушылары «Кәсіби әлемге жол» конкурсына қатысты. Олар технология пәнінің мұғалімі  Т.В. Якушенконың  басшылығымен «Кәсіби бағыт» экспонатын дайындады.

 «Денс-класс» бишілер ұжымының вокальдық тобына қатысушылармен (жетекшілер М.В. Кладинова, Л.В. Лоскутова ) дайындық сабақтарын өткізді.  Каникул уақытында мектеп кітапханасы жұмыс істеді. ҰБТ дайындығы бойынша оқушылармен (11-сынып) түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 04.11. ата-аналар жұртшылығының  өкілдері он-лайн кеңесіне шақырылды.  Өкінішке орай техникалық ақаулықтарға байланысты ата-аналар кеңеске қатыса алмады.

Дата: 13.11.2015, 4:55 Автор: №10 ЖББОМ