ЖЕКЕ ШЕКАРА — САЛАУАТТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ НЕГІЗІ
ЖЕКЕ ШЕКАРА — САЛАУАТТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ НЕГІЗІ
24 қараша күні мектебімізде Қарағанды облысының Психологиялық қолдау орталығының (ПҚО) мамандарымен кездесу өтті.
7–9-сынып оқушыларына мамандар жеке шекара, өзін және өзгелерді құрметтеу тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг барысында оқушылар жеке шекара ұғымымен танысып, өз пікірін қорғауды, «жоқ» деп айтуды, басқа адамдардың сезімдері мен жеке кеңістігін құрметтеуді, сондай-ақ құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас орнатуды талқылады.
Кездесу интерактивті форматта өтіп, оқушылар пікірталасқа белсенді қатысып, практикалық тапсырмаларды орындады.
Пайдалы кездесу ұйымдастырып, оқушыларымызбен маңызды бағытта жұмыс жүргізгені үшін Қарағанды облысының Психологиялық қолдау орталығының командасына алғыс білдіреміз!