«БОЛАШАҚ КІТАПХАНАСЫ — БАЛАЛАР КӨЗІМЕН!»

«БОЛАШАҚ КІТАПХАНАСЫ — БАЛАЛАР КӨЗІМЕН!»

КММ «№10 жалпы білім беретін мектепте» республикалық «Оқитын ұлт» оқырман марафоны аясында 1–4 сынып оқушылары арасында «Болашақ кітапханасы» атты шығармашылық сурет байқау-көрмесі өтті.

Жас суретшілер өз қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін танытып, болашақ кітапханасын қалай елестететіндерін көрсетті!

Балалар суреттерінде ерекше кітап кеңістіктерін, заманауи технологияларды, кітапханашы роботтарды, сиқырлы кітаптарды және оқу нағыз шытырман оқиғаға айналатын ғажайып әлемдерді бейнеледі.

Іс-шараның мақсаты — оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітапты насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашу.

Әрбір сурет кітаптар, білім, технологиялар мен шексіз қиял үйлесім тапқан кітапхана туралы балалар арманының көрінісіне айналды.

Байқау қорытындысы бойынша үздік шығармашылық жұмыстар дипломдармен марапатталады!

Барлық қатысушыларға белсенділігі, ынта-жігері мен шығармашылық көзқарасы үшін алғыс айтамыз!

«Болашақ кітапханасы баланың арманынан басталады, ал кітап оқуға деген сүйіспеншілік алғашқы кітаптан басталады!»

Дата: 24.11.2026, 12:16 Автор: №10 ЖББОМ