Размер шрифта:
↑

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАЛАЛАР КҮНІ АЯСЫНДА

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАЛАЛАР КҮНІ АЯСЫНДА

20 қарашада мектебіміздің 11-сынып оқушыларына арналған ZOOM платформасында облыстық телемост форматында онлайн-кездесу өтті.

Іс-шараға прокуратура, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы (УЗПД) және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ДУИС) өкілдері қатысты.

Заң бұзған адамдардың жасөспірімдерге арнаған үндеуі ерекше назар аудартты. Олар өз оқиғаларымен бөлісіп, жасаған әрекеттеріне өкініш білдірді және оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу жоғары сынып оқушыларына шынайы оқиғаларды тыңдап, заңға қайшы әрекеттердің салдары, саналы таңдау жасаудың және заңды сақтаудың маңызы туралы ойлануға мүмкіндік берді.

Дата: 20.11.2026, 15:16 Автор: №10 ЖББОМ