Адалдық пен жауапкершілік — қоғам тірегі
20 қарашада мектебімізде қалалық прокуратура өкілдерінің қатысуымен 7–11-сынып оқушыларына арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Кездесуде спикер ретінде Руслан Алтайұлы Тоқатов сөз сөйледі.
Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға және адалдық, әділдік пен жауапкершілік сияқты маңызды құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталды.
Осындай кездесулер жасөспірімдердің өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауына, заңды құрметтеуіне және қоғамда адалдық пен парасаттылық қағидаларын ұстануға деген ұмтылысын қалыптастыруға ықпал етеді.
Адалдық әрқайсымыздан басталады, ал заңды құрметтеу — әділетті қоғамның негізі!
Дата: 20.11.2026, 15:09 Автор: №10 ЖББОМ