«ОҚУЛЫҚ БАҚЫЛАУДА!»
16 қарашада КММ «№10 жалпы білім беретін мектепте» кітапханашы Анна Владимировна Игнатенко 11-сынып оқушыларынан құралған мектеп парламентінің өкілдерімен бірге бірінші ауысым оқушыларының оқулықтарының жай-күйін тексерді.
Тексеру барысында оқулықтардың қаптамасының болуына, сақталуына, тазалығы мен ұқыпты ұсталуына ерекше назар аударылды.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың оқу әдебиеттеріне жауапкершілікпен әрі ұқыпты қарауын қалыптастыру, мектеп мүлкіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Тексеру қорытындысы бойынша түзетуді қажет ететін ескертулер анықталды.
Естеріңізде болсын: оқулыққа ұқыпты қарау — әр оқушының мәдениеті мен жауапкершілігінің көрсеткіші!
Оқулықты бүгін күтіп ұста — келер ұрпаққа сақтап қал!