«Жасанды интеллект: ЖИ көмегімен жазылған эссе мен шығармалар авторлық құқықты бұза ма және оқушыларды өтірік айтуға үйрете ме?»
«Оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыру және оқушыларды оқырман марафонына тарту аясында КММ «№10 жалпы білім беретін мектептің» кітапханашысы А. А. Леонтьева 9-сынып оқушылары арасында зияткерлік дебат өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар «Жақтаушылар» және «Қарсыластар» болып екі топқа бөлінді. Қатысушылар жасанды интеллектінің білім беруге әсерін, авторлық құқық, академиялық адалдық және өз бетінше ойлау мәселелерін талқылады.
Әр топ өз дәлелдерін ұсынып, көзқарастарын қорғап, қарсыластарының сұрақтарына жауап берді.
Өз бетінше оқудың, шығармашылық ойлауды дамытудың және өз ойын жеткізе білудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Іс-шара оқушылардың сыни ойлауын, оқырмандық сауаттылығын, пікірталас мәдениетін және заманауи цифрлық технологияларды жауапкершілікпен пайдалану дағдысын дамытуға ықпал етті.
Дебаттың басты қорытындысы: жасанды интеллект көмекші бола алады, бірақ оқушылардың өз білімі мен ойын, шығармашылығын алмастырмауы керек!