ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2026 жылғы 18 қарашада мектебіміздің 10–11-сынып оқушылары — ту ұстаушылар — әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өтетін «Үшсайыс» облыстық чемпионатының қалалық кезеңіне қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша мектебіміздің командасы ҚҰРМЕТТІ 3-ОРЫНҒА ие болды!
АӘД пәнінің мұғалімі А. А. Аблайхановтың жетекшілігімен оқушылар тәртіптілігін, жауапкершілігін, командалық рухын және жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Оқушыларымыз бен жетекшісін лайықты нәтижемен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!
Дата: 20.11.2026, 9:19 Автор: №10 ЖББОМ